Бас тақырыпБасты тақырып
Қазақстанда автокөлік сатып алу тетіктері кеңейеді
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаевтың айтуынша, Үкімет отандық автоөндірушілер мен банктер арқылы жеңіл автокөлік сатып алуды қаржыландыруды жалғастырады.

Сондай-ақ халықаралық тәжірибеге сай жеке тұлғаларға арналған автолизинг тетігі енгізіледі. Министрдің айтуынша, бұл шаралар азаматтарға көлік сатып алуды жеңілдетіп, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған.
Аяулым СОВЕТ