Бас тақырыпЖаңалықтар

Қазақстанда ауылдарға арналған жоғары жылдамдықты интернет іске қосылды

Digital Kazakhstan халықаралық форумы аясында ауылдық елді мекендерді Fixed Wireless Access (FWA) технологиясы арқылы интернетпен қамту жобасы таныстырылды.

Сурет ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Жобаны Ауыл Телеком жүзеге асыруда. Бастама шалғай және инфрақұрылымы әлсіз аймақтарда заманауи байланыс желісін дамытуға бағытталған.

Қазірдің өзінде 120 ауылда желі іске қосылып, 120 базалық станция орнатылған. Жоба 67 мыңнан астам үй шаруашылығын (шамамен 260 мың тұрғын) қамтиды. Интернет жылдамдығы — 50–80 Мбит/с.

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button