Жаңалықтар

Қазақстанда Атом есімді 5 адам бар

Соңғы деректерге сәйкес, Қазақстанда Атом есімді 5 адам тұрады. Ең кішісі 3 жаста, ал үлкені – 66 жаста. Бұл есім иелері Ақмола мен Қостанай облыстарында, сондай-ақ Алматы және Астана қалаларында тұрады.

Сурет: istockphoto.com

Сонымен қатар құрамында “атом” сөзі бар мынадай есімдер де кездеседі:
– Атомжан — 2 адам
– Атомбек — 6 адам
– Атомвек — 2 адам
– Атомтай — 1 адам

Ескерте кететін жайт, аталған есім иелерінің 80%-ы 47 жастан асқан және олар Қазақстанның 11 өңірінде тұрады. Бұл ретте, елімізде Референдум есімді адам жоқ.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button