Ресми
Қазақстанда Астана күні тойланып жатыр
Бүгін, 6 шілде – Астана күні. Қазақстандықтар елорданың 26 жылдығын тойлап жатыр. Ал, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осы демалыста қазақстандықтардың қанша күн демалатынын айтты, деп хабарлайды Ortalyq.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2024 жылдың шілдесінде демалыс күндерін ауыстыру жоспарланбағанын айтты. Осылайша, аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар қатарынан үш күн – 6, 7 және 8 шілдеде демалады.
Ал, аптасына алты күн жұмыс істейтіндер 8 шілдеде әдеттегідей жұмысқа барады.
Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.