Бас тақырыпБасты тақырып

Қазақстанда алдағы күндері аяз күшейеді

“Қазгидромет синоптиктері 25, 26 және 27 желтоқсан күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды”, – деп хабарлайды Ortalyq.kz тілшісі Tengrinews.kz -ке сілтеме жасап. 

Суретті түсірген Жангелді Әбдіғалым

Алдағы күндері Қазақстан аумағынан белсенді солтүстік-батыс циклоны әсерінен оңтүстік өңірлерде қар мен жаңбыр түріндегі жауын-шашын болады. 

“Республика бойынша боран соғып, жел күшейеді, батыс және оңтүстік өңірлерде көктайғақ құбылыстары байқалады”, – деп хабарлады синоптиктер.

27 желтоқсанда циклонның орнын суық батыс антициклоны басады. Соның салдарынан жауын-шашын біртіндеп тоқтап, ауа температурасы төмендейді: түнде елдің солтүстік-батысы мен солтүстігінде ауа температурасы 25–30 градус аязға дейін, шығысында 22–30 градус аязға дейін төмендейді.

Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button