Бас тақырыпБасты тақырып
Қазақстанда алғаш рет Сенат жанындағы «Аналитика мектебі» Қарағандыда өтеді
Бұл бастама Парламент Спикері Мәулен Әшімбаевтың қолдауына ие болып, Қарағанды облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Айсұлу Ерниязованың ұсынысымен жүзеге асуда.

Білім мен зияткерлік әлеуеті жоғары аймақ оқытушыларды, магистранттар мен докторанттарды біріктіріп, олардың аналитикалық және зерттеу дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.
Қатысушыларды жетекші сарапшылар мен практиктер өткізетін дәрістер, шеберлік сағаттары және елдің кәсіби аналитиктер қауымдастығының бір бөлігі болу мүмкіндігі күтеді.
Қатысушыларды іріктеу туралы толық ақпарат алдағы уақытта жарияланады.
Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ