Бас тақырыпЖаңалықтар
Қазақстанда 21 жасқа толмағандарға энергетикалық сусындар сатуға тыйым салынады
Қазақстанда енді энергетикалық сусынды кез келген адам сатып ала алмайды, деп хабарлайды ortalyq.kz BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Енді энергетикалық сусындарды сатып алу үшін азаматтардың жасы 21-ден асқан болуы керек. Оларды 21 жасқа толмаған адамдарға сатуға (соның ішінде сатушының қатысуынсыз – автоматтар, басқа электрондық немесе механикалық құрылғылар арқылы) тыйым салынады. Тиісті түзетулерді бүгін Мәжіліс депутаттары қабылдады.
Сонымен қатар Үкіметтің ұсынысымен енгізілген қосымша өзгерістерге сәйкес мемлекеттік еңбек инспекциясы жергілікті атқарушы органдардан еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға беріледі.
Материалды әзірлеген: Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.