Қазақстанда 19 министрдің екеуі мемлекеттік тілді, жетеуі ағылшын тілін білмейді
Бүгінде Қазақстанда 19 министрлік бар. Ranking.kz компаниясы зерттеу жүргізіп, тіл меңгеру деңгейі бойынша ҚР министрлерінің рейтингін түзді.
Биыл ғылым және жоғары білім министрі Нұрбек Саясат көш бастады. Министр жеті тілде — қазақ, орыс, ағылшын, итальян, түрік, жапон және латын тілдерінде сөйлейді.
Екінші орынды Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров алды: әрқайсысы бес тілде сөйлейді.
Үздік үштікте ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму министрі Дархан Қыдырәлі, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова бар: әрқайсысы төрт тілде сөйлейді.
Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мемлекеттік тілді білмейді.
Қазақстандық 19 министрдің 12-сі ағылшын тілін біледі. Жалпы, ҚР-да ағылшын тілін меңгеру деңгейі айтарлықтай төмен. EF EPI 2021 рейтингінде Қазақстан тізімнің соңынан орын алды. Әлемдегі 112 елдің ішінде 96-орында тұр.



