Қазақстанда 143 стоматологиялық клиника жабылды
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда жоспардан тыс тексерістер нәтижесінде 143 стоматологиялық клиника жұмысын тоқтатты. Бұл жағдай зейнетақы қаражатын заңсыз қолма-қол ақшаға айналдыруға байланысты жанжалдан кейін анықталған.

Денсаулық сақтау министрлігі ел бойынша барлығы 456 клиника тексерілгенін атап өтті. Тексеру қорытындысында заң бұзушылықтар мен талаптарға сай келмейтін қызмет көрсеткен мекемелер анықталып, олардың 143-і жабылған. Заңсыз қызмет көрсеткен стоматологиялар Атырау облысында, Алматыда және Астанада тіркелген.
Тексеру нәтижесінде клиникаларға жалпы сомасы шамамен 75 млн теңге айыппұл салынды. Соңғы уақытта жеке медициналық ұйымдарға бақылау күшейтіліп, жоспардан тыс тексерістер жалғасуда екенін айта кеткен жөн.
Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz



