Қазақстанда 111 бірыңғай сенім телефоны құрылды

Қазақстанда 16 қазаннан бастап отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша Бірыңғай сенім телефоны іске қосылды. Тұрмыстық зорлық-зомбылық пен әлімжеттік құрбандары тәулік бойы 111 нөміріне жүгіне алады. Бұл туралы Үкіметтің сайтында хабарланды.

 – Қоңырау қалалық нөмірлер мен ұялы байланыс операторлары үшін тегін болады. Азаматтарға қажетті көмек мәтіндік диалог арқылы да берілетін болады, – делінген хабарламада. – Қиын жағдайға тап болған қазақстандықтарға көмек көрсету үшін білікті психологтар мен заңгерлер тартылды. Әрбір жағдай бойынша операторлар «шұғыл» қағидатын басшылыққа ала отырып, жеке тәсілмен кешенді көмек көрсететін болады.

Бірыңғай сенім телефоны мемлекеттік шұғыл қызметтер тізбесіне 101, 102, 103 және т.б. нөмірлермен тең енгізіледі.

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың басшылығымен өткен кеңесте балалар мен жасөспірімдер арасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық пен буллинг мәселелері талқыланды.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында бірыңғай сенім телефонын ұйымдастыру және зорлық-зомбылық пен буллинг құрбандарына көмек көрсетудің пәрменді бағдарламасын әзірлеу міндетін қойған болатын.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.