Жаңалықтар

Қазақстанда 100-ден асқан 487 қария бар

Қазақстанда 100 жастағы және одан да үлкен 487 қария бар. Ең жасы үлкен қария Түркістан облысында тұрады, ол 121 жасқа толған туған күнін атап өтті.

Еліміздің оңтүстік өңірінде адам ең көп өмір сүреді деуге болады. Түркістан облысында 100 және одан жоғары жастағы 75 адам бар.

Одан кейінгі жасы үлкен қариялар ең көп тұратын ірі қала – Алматы қаласы. Мұнда 100-ден асқан 62 адам тұрады.

Ұзақ өмір сүретіндер саны бойынша үшінші орында Алматы облысы тұр, онда 100 және 100-ден асқан 55 адам ғұмыр кешуде.

Ең қарт қазақстандықтардың үштігіне Түркістан облысының тұрғындары – 121 жас, Шымкент қаласы – 120 жас, Жамбыл облысы – 119 жас кірді. Қазақстанда барлығы 100-ден асқан 31 адам тұрады.

Естеріңізге сала кетейік, жыл сайын бүкіл әлемде, оның ішінде Қазақстанда 1 қазан күні – Халықаралық қарттар күні атап өтіледі. Бұл мерекені 1990 жылы 14 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 45-сессияда жариялады.

Оны өткізудің басты мақсаты – егде жастағы адамдардың мемлекет пен қоғам алдындағы еңбегін құрметтеу және тану, сондай-ақ олардың проблемалары мен қажеттіліктеріне, өмір сүру сапасын арттыру қажеттілігіне назар аудару, оларға жалпыға бірдей қамқорлық көрсету.

#қартыбарүйдіңқазынасыбар #халықаралыққарттаркүні #орталыққазақстангазеті #қарағанды

Басқа материалдар

Back to top button