Қазақстан Журналистер одағы Журналистер күніне арналған жыл сайынғы дәстүрлі байқау жариялайды
2024 жыл ел дамуының бірнеше басым бағыттары жариялануымен ерекшеленіп отыр.
Біріншіден, бұл – ШЫҰ-дағы Экология жылы.
Екіншіден, Қытайда Қазақстанның туризм жылы өтеді.
Үшіншіден, 2024 жыл елімізде Инновациялар және даму жылы болып жарияланды.
Төртіншіден, биыл Ішкі істер министрлігінде кадр сапасын арттыру жылы болып белгіленді.
Байқаудың дәстүрлі тақырыптары:
– Қазақстандық экономиканың, компаниялардың, мамандардың дамуы;
– Импортты алмастыру, инновациялық технологияларды пайдалану;
– Ғылым, заңнама, экология, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, туризм саласындағы жаңалықтар мен проблемалар;
– Қазақстандықтардың табиғи апаттар кезінде, күнделікті өмірде мейірімділік және өзара көмек көрсету көмегі;
– Спорт және салауатты өмір салты;
– Жас таланттар, әртүрлі саладағы дарынды жастар, жасөспірімдер, балалар туралы материалдар.
– Дәстүрлі түрде байқауға қатысушылар тақырыптарды, пішіндерді және жанрларды таңдау еркіндігіне ие, олардың арасында журналистік зерттеу басымдыққа ие болады.
Байқауға 2023 жылдың 1 маусымынан 2024 жылдың 1 маусымына дейін жарияланған немесе эфирге шыққан материалдар, фотосуреттер, радио және бейнесюжеттер қабылданады. Жіберілген материалдар саны 5-тен аспауы тиіс.
Конкурсқа материалдарды қабылдау 2024 жылдың 10 маусымында аяқталады.
Сілтемелері көрсетіле отырып жарияланған материалдар мен жеке деректерді union-press@kazmedia.kz электронды поштасына жіберуді сұраймыз. Өтініш нысанында жұмыс орны, лауазым, мекенжай, телефондар және материалдардың қай басылымдарда жарияланғаны көрсетілуі керек.
Байқау қорытындысы 20 маусымда жарияланады, ал марапаттау рәсімі 2024 жылдың 28 маусымында Алматы қаласында өтеді.
Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.