Ресми

Қазақстан Өзбекстанға 300 мың тонна мұнай сатады

Өзбекстан Қазақстаннан 2023 жылы 300 мың тонна мұнай өнімдерін сатып алуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Оrtalyq.kz Экспресс К. сайтына сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ташкентке жасаған сапары аясында қос тарап мұнай тасымалын арттыру мәселесіне тоқталып, бірқатар келісімдерге қол қойды. Өзбекстан Энергетика министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан мен Өзбекстан келер жылдан бастап 300 мың тонна көлемінде қазақстандық мұнай мен мұнай өнімдерін жеткізу туралы 150 миллион долларлық келісімге қол қойған.

Қос тарап мұнай жеткізу көлемін 3 миллион тоннаға дейін ұлғайтуды көздеп отыр. Бұдан бөлек екі ел мұнайды Қазақстан арқылы тасымалдауға, газ қоймаларын жаңғыртуға және салуға келісті. 

Басқа материалдар

Back to top button