АймақҚарағанды

Қазақстанда заңсыз жүрген 7 шетелдік азамат Қарағанды облысынан ұсталды

Бұқар жырау ауданына қарасты ауылдардың бірінде полиция қызметкерлері жүргізген іс-шаралар барысында Қазақстан аумағында заңсыз жүрген 7 көрші мемлекеттің азаматы анықталды.

Сурет: el.kz

Олардың барлығы ауылдардың біріндегі жылыжайда жұмыс істеген.

Шетелдіктер Қазақстан аумағына кіру бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Қазіргі уақытта оларды елден шығару мәселесі қарастырылып жатыр. Сонымен қатар шетелдіктерді заңсыз жұмысқа тартқаны үшін оларға жұмыс беруші де әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button