Қазақстан туристік брондау өсімімен таңғалдырған үш елдің қатарына енді
2025 жылдың жазында ТМД елдері арасында қонақүйлерді брондау көлемі Қазақстанда, Еуропа мемлекеттері арасында – Францияда, Азияда айтарлықтай өсім көрсетті. Бұл туралы “Островок” қонақүйлер мен пәтерлерді онлайн брондау сервисін зерттеу нәтижелерінде айтылған деп хабарлайды ТАСС.

“Биылғы жазда ТМД елдеріне қызығушылық артты: Брондау бойынша Қазақстан өткен жылмен салыстырғанда 64% – ға, Армения – 55% – ға, Грузия – 37% – ға, Қырғызстан – 27% – ға, Өзбекстан – 16% – ға өскенін көрсетті. Еуропа елдері арасында сұраныстың артуы бойынша Франция (+21%), Испания (+15%) және Италия (+5%) көш бастап тұр. Азияда Вьетнам (+35%) және Мальдив аралдары (+18%) ерекшеленеді“, – дейді сарапшылар.
Сервистің мәліметінше, осы жазда демалу үшін ең танымал 3 шет елге Беларусь, Түркия және Абхазия кірді. Бұл ресейліктер жақсы көліктік қолжетімділік пен визасыз кірудің арқасында таңдайтын дәстүрлі бағыттар. Сұранысқа ие он елдің қатарына Грузия, Қазақстан, Армения, Таиланд, Италия, Өзбекстан және Қытай да енгізілді.
Аяулым СОВЕТ