Жаңалықтар
Қазақстан Сирияға 50 тонна гуманитарлық көмек жібереді
Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен Сирияға 50 тонна гуманитарлық көмек жібереді, деп хабарлады Оrtalyq.kz үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен Халықаралық гуманитарлық көмек мәселелері жөніндегі комиссияның отырысында осындай шешім қабылданған.
Мемлекеттік материалдық резервтен консервіленген өнімдер, жылы киім-кешектер, қысқы шатырлар, кереуеттер мен төсек-орын жабдықтары бөлінеді.
Жүк Ислам ынтымақтастығы ұйымының желісі бойынша Алеппо қаласына төрт әуе рейсімен жеткізілмек.
Айта кетері, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке Сирияға гуманитарлық көмек көрсету туралы тапсырма берген болатын.