Аймақ

«Қазақстан» шахтасында апатты жою жұмыстары жалғасуда

«Арселор Миттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің «Қазақстан» шахтасында апатты учаскеде гипс бөгеттерін салу жалғасуда. Екі учаскеде жұмыстың 90-95% орындалды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ.

 

– Өрт ошақтарын сөндіру де жалғасуда. Оқиға орнына 27 тау-кен құтқарушысы жұмылдырылған. Авариялық учаскедегі газ жағдайы тұрақты бақылауда, – делінген ведомство хабарламасында.

Басқа материалдар

Back to top button