Бас тақырып

Қазақстан сұйытылған газды елден шығаруға тыйымды тағы жарты жылға ұзартты

2025 жылғы 14 мамырдан бастап Қазақстан сұйытылған мұнай газын, пропан мен бутанды экспорттауға уақытша тыйым енгізеді.

Сурет syr-media.kz

Бұл туралы “Ашық НҚА” порталында жарияланған Энергетика министрінің бұйрық жобасының түсіндірмесінде айтылған. Шектеу алты айға созылады және автомобиль мен теміржол көлігі арқылы тасымалдауға қатысты.

– Қазақстан Республикасы аумағынан сұйытылған мұнай газын (Код ТН ВЭД ЕАЭС 2711 12 970 0), пропанды (2711 12 940 0) және бутанды (2711 13 970 0) автомобиль және теміржол көлігімен сыртқа шығаруға алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін, – делінген министрлік жобасында.

Еске салайық, 2024 жылдың қазан айының басында бұрынғы энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев кейбір өңірлерде жекелеген жанармай құю бекеттерінде сұйытылған газ тапшылығы туындағанын мойындаған болатын. Оның айтуынша, бұл жағдай егін жинау науқаны мен жауын-шашын салдарынан орын алып, диқандарға астықты кептіруге қосымша ресурстар қажет болған.

Алайда министр елде мұнай өнімдерінің ешбір түрі бойынша тапшылық жоқ екенін мәлімдеген еді.

Соған қарамастан, бір жыл бұрын-ақ министр автокөлік иелеріне көліктерін газға ауыстыруды ұсынбаған, өйткені 2023 жылы сұйытылған мұнай газын тұтыну жоспарланған көлемнен асып кеткенін атап өткен болатын.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button