Бас тақырыпЖаңалықтар
Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан алғаш рет алтын медальға ие болды
Фристайл-акробатикадан Қазақстан құрамасының спортшысы Дінмұхаммед Райымқұлов Алматыда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды ortalyq.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Спортшы 97.11 ұпай жинап, үшінші аралық нәтижемен финалдық алтылыққа өтті. Дәл осындай ұпайды іріктеу кезеңінде канадалық Эллиот Бюрегар да жинаған болатын. Ал іріктеуден кейінгі көшбасшы Қытай спортшысы Юйхэн Ян болды – 101.79 ұпай.
Финалдық орындауында Дінмұхаммед 104.52 ұпай жинап, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.
Екінші орынды Қытайлық Юйхэн Ян (101.79), ал қола медальді тағы бір қытайлық спортшы Чжичен Ян (94.82) иеленді.
Материалды әзірлеген: Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.