Жаңалықтар

Қазақстан президенттігіне кандидаттарды ұсыну аяқталды

Фото: Qazaqstan.tv

Орталық сайлау комиссиясына қоғамдық бірлестіктер 12 кандидатты ұсынды. Олар:

1️⃣Жигули Дайрабаев – «Ауыл» партиясы атынан;
2️⃣Мейрам Қажыкен – «Аманат» кәсіподақтар достастығы атынан;
3️⃣Нұрлан Әуесбаев – Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан;
4️⃣Қасым-Жомарт Тоқаев – Халықтық коалиция атынан;
5️⃣Қарақат Әбден – «Кәсіби әлеуметтік жұмыскерлердің ұлттық альянсы» атынан;
6️⃣Нұржан Әлтаев – «Мұқалмас» қоғамдық бірлестігі атынан;
7️⃣Жұматай Әлиев – «Халық демографиясы» қоғамдық бірлестігі атынан;
8️⃣Талғат Ерғалиев – «Қазақстан құрылысшылар одағы» атынан;
9️⃣Салтанат Тұрсынбекова – «Қазақ аналары – дәстүрге жол» бірлестігі атынан;
🔟Хайролла Ғабжалилов – «Оралмандардың «Асар» бірлестігі» атынан;
1️⃣1️⃣Бақыт Жаңабаев – «Қазақстандық Футбол Әуескерлері Лигасы» қоғамдық бірлестігі атынан;
1️⃣2️⃣Фатима Бизақова – «Тәжірибелік психология» республикалық қоғамдық бірлестігі атынан.

Ал үміткерлерді тіркеу, қол жинау 21 қазанға дейін жалғасады. Әр кандидат 118 273 сайлаушының қолын жинауы тиіс.

Басқа материалдар

Back to top button