Бас тақырыпПрезидент
Қазақстан Президенті Қарағандыдағы жаңа емхананы аралап көрді
Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жасаған жұмыс сапарының аясында облыс орталығынан қашық аудандардың бірі – Пришахтинскідегі жаңа балалар емханасына барды, – деп мәлімдейді Ақорданың баспасөз қызметі.
Жаңа медициналық мекеме бір ауысымда 300 адамды қабылдайды.
Мемлекет басшысы емдеу кабинеттерін аралап көріп, заманауи медициналық құрал-жабдықтармен танысты, дәрігерлермен әңгімелесті. Сондай-ақ, Президентке облыстың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды (МӘМС) енгізуге дайындығы жөнінде айтылды.