Қазақстан Париж Олимпиадасына 100 спортшы апармақшы
Қазақстан 2024 жылғы Олимпиадаға 100-ге жуық лицензия алуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Atameken Busines арнасына берген сұхбатында Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов айтты, деп хабарлайды Ortalyq.kz BasSport.kz сайтына сілтеме жасап.
Министр «160 қазақстандық атлеттің Парижге жолдама алу әлеуеті бар» деген. Министрлік биыл спортты дамытуға 50 миллиард бөліпті.
– Біздің міндет Ұлттық Олимпиада комитетімен, бапкерлер штабымен бірлесіп, спортшы өз стартына дайын болу үшін барлық қажетті жағдайды жасау. Бұл ойынға жоспарымыз асқақ, еліміз Әнұраны Парижде шырқалуы үшін қолдан келгеннің барын жасаймыз, – деді Асхат Оралов.
Айта кетейік, Токиода өткен жазғы Олимпиада ойындарына спорттың 27 түрінен 96 жолдама жеңіп алған болатынбыз. Жапония астанасына Қазақстаннан 95 спортшы барған.