Бас тақырыпБасты тақырып

Қазақстан мен Қытай Qarmet арқылы металлургиядағы технологиялық әріптестікті кеңейтуде

“Қытай астанасында ҚазақстанҚытай Іскерлік кеңесінің VIII отырысы өттІ. Бұл екі елдің экономикалық ынтымақтастығының басты оқиғаларының бірі. Іс-шара ҚР Президенті ҚасымЖомарт Тоқаевтың ҚХР-ға ресми сапары аясында және екі елдің индустриясы мен серіктестігінің болашағын айқындайтын ірі инвестициялық және технологиялық жобаларды талқылау үшін маңызды платформа болды” деп хабарлайды inbusiness.kz.

Сурет Ақорда

Отырыс барысында Қазақстанның ірі таукен металлургиялық компаниясы Qarmet АҚ жетекші қытайлық инжинирингтік компаниялармен Sinosteel Equipment & Engineering Co, WISDRI Engineering & Research Incorporation Limited, Cisdi-мен жаңа жобаларды іске асыру бойынша ұзақ мерзімді және кешенді ынтымақтастық орнату туралы келісімдерге қол қоя отырып, технологиялық серпіліс жағына шешуші қадам жасады. Engineering Co және capital Engineering & Research Incorporation Limited (CERI) корпорациялары бүкіл әлем бойынша озық технологияларды енгізу және жоғары технологиялық өндірістерді құру арқылы металлургиялық инжинирингтің жаһандық нарығында көшбасшы.

Сурет kazvedomosti.kz

Бұл серіктестердің әрқайсысы әсерлі тәжірибе мен мінсіз беделге ие. Sinosteel, ең ірі халықаралық мердігерлердің бірі, бүкіл әлем бойынша жүздеген негізгі металлургиялық кешендерді жүзеге асырды. Өткен ғасырдың ортасында құрылған WISDRI Қытайдың жетекші жобалау институттарының бірі болып табылады және өзінің озық R&D орталықтарымен және энергияны үнемдейтін шешімдерімен танымал. CISDI ең күрделі технологиялық жобаларды жүзеге асыра отырып, отыздан астам елде сәтті жұмыс істейді. Ал  аты аңызға айналған Ceri компаниясы әлемде алғаш рет CO₂ шығарындыларын жылына жүздеген мың тоннаға азайтуға мүмкіндік беретін технологияны енгізіп, сутегі металлургиясының ізашары болды.

Осы серіктестермен бірлесіп Qarmet Қазақстанның металлургиялық картасын өзгертетін жобаларды іске асыруға кіріседі. Оның ішінде құюпрокаттау кешенін салу, жаңа сортты прокаттау цехын құру, инновациялық шойынқұю машиналарын енгізу, мырыштау желісін және премиум өнім шығару үшін полимерлі жабындарды іске қосу бар.

Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button