Ресми

Қазақстан мен Болгария көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты күшейтеді

Болгарияның астанасы София қаласында Қазақстан-Болгария Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының отырысы өтті. Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин бастап барды.

Суреттер Көлік министрлігінен

Көлік Министрлігінен үкіметаралық комиссияға Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің төрағасы Әлі Алтай Сембекұлы қатысты.

Тараптар бірлескен инфрақұрылымдық жобаларды дамытуды қоса алғанда, көлік және логистика саласындағы екіжақты ынтымақтастықты жандандыруға мүдделі екенін растады.

Тараптар көлік саласындағы, атап айтқанда автомобиль көлігі саласындағы ағымдағы жай-күйі туралы ақпаратпен алмасты, онда жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды және олардың аумағы арқылы транзитті жүзеге асыру арасында айтарлықтай мәселелер жоқ екенін атап өтті.

Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің басшысы қолайлы географиялық жағдайды ескере отырып, екі елдің де көлік саласында тиімді ынтымақтастықты енгізу жолымен өзінің транзиттік мүмкіндіктерін барынша іске асыру үшін айтарлықтай әлеуеті бар екенін атап өтті.

Отырыста сондай-ақ Еуропа және Азия елдерінен жүктерді жинау мен жөнелтуді қамтамасыз ететін Болгария аумағында дамыған логистикалық терминал құру мәселелері талқыланды.

Бұдан басқа, екі ел арасындағы кедергісіз тасымалдарды қамтамасыз ету үшін қазақстандық тарап екіжақты және транзиттік тасымалдарға рұқсатсыз жүйені енгізуді ұсынды.

Сонымен қатар, тараптар халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру үшін рұқсаттардың әмбебап бланкілерімен алмасу квотасын ұлғайту мүмкіндігін қарастырды.

Басқа материалдар

Back to top button