Қазақстан мектептерінде жаңа лауазым енгізіледі
Бұдан былай еліміздегі мектептерде педагог-кәсіби бағдар беруші лауазымы енгізіледі. Тиісті құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланды, деп хабарлайды Ortalyq.kz Skifnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Енді мамандығы бойынша жұмыс істемейтіндердің саны артпас үшін мәселенің шешімі табылған секілді. Алдағы уақытта мектептерде педагог-кәсіби бағдар берушілер жұмыс істеуі мүмкін.
Таяуда Оқу-ағарту министрлігі «Педагог лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» бұйрыққа толықтыру әзірледі. Тиісті құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланды.
Ұсынылған бұйрықта «педагог-кәсіби бағдар беруші лауазымын енгізу болашақ мамандықты саналы түрде таңдау үшін оқушыларды ерте кәсіптік бағдарлау жөніндегі жұмысты үйлестіру мақсатында қажет» деп көрсетілген.
Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.