Жаңалықтар

Қазақстан Ұлттық Банкі жаңа монеталарды айналымға шығарады

Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан QANYSH SÁTBAEV. 125 JYL коллекциялық монеталарын айналымға шығарады. Монеталардың сатуға қашан шығарылатыны туралы ақпарат ҚҰБ ресми сайтында қосымша хабарланатын болады.

Суреттер: nationalbank.kz

QANYSH SÁTBAEV. 125 JYL коллекциялық монеталары туралы

Номиналы 2 000 теңгелік монетада марганец рудасының, минералдың түсін білдіретін күрең қызыл түске ие тантал сақинасы бар. Бұл ірі кен орнын Қ. Сәтбаев Жезді ауылының маңында тауып, игерген. Марганец Ұлы Отан соғысы кезінде броньды техникаға арналған болат қорытпалары өндірісінде кеңінен қолданылып, КСРО-ға марганец кенінің 70%-дан астамын беріп отырған.

Монеталар:

– биколорлы (дискісі – 925/1000 сынамалы күмістен, массасы 34 грамм, сақинасы – танталдан, массасы 40 грамм), монетаның массасы – 74 грамм, диаметрі – 50  мм, сапасы – proof, номиналы – 2 000 теңгелік, таралымы – 300 (үш жүз) дана;

Биколорлы монетаның бейнесі

– мельхиор қоспасынан (МН 25) дайындалған монетаның массасы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, сапасы – brilliant uncirculated, номиналы – 200 теңгелік, таралымы – 5000  (бес мың) дана.

Мельхиордан дайындалған монетаның бейнесі

Монеталардың барлық түрі Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өзінің белгіленген құнымен төлемнің кез келген түрінде қабылдануға, елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алынуға, аударылуға, ұсақталуға және айырбасталуға жатады.

Биколорлы монеталар мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде ҚҰБ нөмірлі сапа сертификаттары бар кәдесый орамында шығарылады. Мельхиор қоспасынан дайындалған монеталар блистерлік ормада шығарылады. Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button