Ресми

Қазақстан креативті индустрияны дамытуға басымдық береді

Қазақстанда креативті индустрияны дамыту бойынша нақты шаралар қолға алынуда. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Орталық коммуникациялар қызметінің алаңындағы баспасөз конференциясында мәлімдеді, деп хабарлайды Ortalyq.kz ortcom.kz сайтына сілтеме жасап.

– Президент Қасым-Жомарт Тоқаев экономика үшін аса қажетті креативті индустрияны қолға алуды осыдан бірнеше жыл бұрын айтқан. Қазір сол бастама ел игілігі үшін маңыздылығын көрсетіп отыр. Мәселен, Үкімет 2021-2025 жылдарға арналған Шығармашылық индустрияны дамыту тұжырымдамасын бекітіп, жүзеге асыруды бастады. Оған қатысты қызметтің 43 түрін белгіледі. Нәтижесінде ел бойынша 95 мың адам жұмыспен қамтылып, 32 мың кәсіпкердің жұмысы жанданды. Жақында шығармашылық жобалардың питчингтері, соның ішінде оқу семинарлары өткізілді. Оған 200-ден астам адам қатысты, – деді министр. 

Бұған қоса, білім беру, сәулет және қала құрылысы, ІТ сынды салаларда 5-тен астам жоба қаржыландырылып, 70 млн теңгеден астам жеке инвестиция тартылған.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button