Жаңалықтар

Қазақстан командасы халықаралық турнурде екі медаль алды

Польшада әйелдер күресінен халықаралық турнир өтті. Қазақстан командасы екі медаль жеңіп алды. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.

55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Марина Қайпанова-Седнева екінші болды. Бірінші орын поляк спортшысы Роксана Засинаның еншісінде қалды. Анна Андреевна (Румыния) мен Мария Винник (Украина) тұғырдың үшінші сатысына көтерілді.

59 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Диана Каюмова қола медаль жеңіп алды. Біріншісі – Соломия Винник (Украина), екіншісі – Грейс Буллен (Норвегия). Поляк спортшысы Йовита Вжесень Каюмовамен үшінші орынды бөлісті.

Басқа материалдар

Back to top button