Бас тақырып
Қазақстан кезекті ғарышкерін ұшыруға дайындықты бастады
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев отандық ғарышкерлерді даярлау, қазақстандық ғарышкерлерді әуе сапарына жіберуге қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Ortalyq.kz Skifnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Айта кетейік, қазір ғарыш саласы бойынша VI ғылыми бағдарлама әзірленіп жатыр. Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында Жаслан Мәдиев:
– Ғарышкерді ұшыруға айтарлықтай инвестиция қажет және мұндай мүмкіндікті қолайлы бағамен пайдалану үшін әртүрлі келіссөз жүргізілуде. Дәл қазір бізде ұшыратын дайын ғарышкер жоқ. Бірақ, халықаралық компаниялармен және шет елдермен бұл мәселені талқылап жатырмыз, – деп жауап берді.
Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.