Бас тақырып

Қазақстан халқының саны 20 014 575 адамға жетті

2023 жылғы 1 желтоқсанда еліміздің халық саны 20 014 575 адам болды, деп хабарлайды ortalyq.kz ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының телеграмдағы ресми арнасына сілтеме жасап.

Сурет: Ашық дереккөз

2023 жылдың басынан бері халық саны 247 768 адамға артты, оның ішінде табиғи өсім есебінен 239 422 адамға, көші-қон есебінен 8 346 адамға өсті. 

Оның ішінде қала тұрғындары – 12 431 220 адам, ауыл тұрғындары – 7 583 355 адам.

Халық санының ең жоғары өсу қарқыны Астана мен Алматы қалаларында, тиісінше 5,11% бен 2,82%, сондай-ақ Маңғыстау облысында  – 2,40% тіркелді.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Back to top button