АймақБас тақырыпТеміртау

«Қазақстан халқына» қорының қамқорлығы

Бүгін Теміртау қаласының 30 мектебінде республикалық «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қайырымдылық жобасы аясында салынған спорт алаңдарының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Суреттер ұйымдастырушылардан

Бұл күнгі салтанатқа облыс әкімінің орынбасары Әлібек Әлденей, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, қордың қамқоршылық кеңесінің мүшесі Мұрат Әбенов,  «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының төрағасы Ләззат Шыңғысбаева, облыс пен қала әкімдігінің өкілдері, оқушылар мен олардың ата-аналары, спортшылар қатысты.

Осы қайырымдылық жобасы аясында Теміртау қаласының 30 мектебінде жалпы құны 2 438 410 195 теңгеге футбол алаңдары мен секіру аймақтары, 29 мектепте  волейбол мен баскетбол алаңдары,  воркаут аймақтары, 5 мектепте  хоккей корттары, 8 мектепте жүгіру жолақтары пайдалануға беріліп, бірқатар пән кабинеттері заманауи жабдықтармен жарақтандырылған еді.

Теміртау қаласындағы бұл үлкен оқиғаға қатысушылар осындағы 8 және 17 мектептердің жаңадан жарақтандырылған пән кабинеттерін аралап көріп, олардағы спорт нысандарының ашылуына куә болып, балалар мен жасөспірімдердің технопаркіне барды.

Салынған нысандар денешынықтыру сабақтарын өткізуге, спорт секцияларын ұйымдастыру мен балалардың  таза ауада демалуына мүмкіндік береді. Мұндай заманауи кешендерімен теміртаулық 24 мың оқушы қамтылып, игілігін көретін болды.

Бұл туралы толығырақ газетіміздің алдағы санынан оқитын боласыздар.

Ержан ИМАШ,

ТЕМІРТАУ

Басқа материалдар

Back to top button