Жаңалықтар

«Қазақстан халқына» қоры білім беру гранттары бағдарламасына қатысатын ЖОО тізімін жариялады

«Қазақстан халқына» қоры бағдарламасына қатысатын жоғарғы оқу орындары мен қайырымдылық ұйымдары тізімін жариялады. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлады. 

Қайырымдылық бағдарламасына жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын 75 білім беру ұйымы мен білім беру саласындағы 2 қайырымдылық ұйым қатысады.

Жоғары білім беру ұйымдары өткізетін конкурстардың қорытындылары бойынша білім беру гранттары мен шәкіртақыларды беру үшін бағдарлама қатысушыларын іріктеу критерийлері мынадай:

ҰБТ-дан өткен және оның нәтижелері бойынша ЖОО-ға түсу үшін қажетті өту балын жинаған талапкерлерден:

– ауылдық жерлердегі аз қамтылған отбасылардан шыққан тұлғалар;

– жетімдерге жататын және кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған тұлғалар;

– мүмкіндігі шектеулі, оның ішінде мүгедектігі бар тұлғалар.

Бакалавриат бағдарламалары бойынша күндізгі бөлімде оқитын студенттерден:

– мүмкіндігі шектеулі, оның ішінде мүгедек тұлғалар; жетімдерге жататын және кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған тұлғалар;

– ауылдық жерлердегі аз қамтылған отбасылардан шыққан тұлғалар;мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған толық емес отбасылардан шыққан тұлғалар;

– ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедек тұлғалар.

Басқа материалдар

Back to top button