Бас тақырыпРесми

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры 850 білім грантын бөлді

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры 2023-2024 оқу жылына 850 білім грантын бөлді.

Бағдарламаға қатысудың шекті жасы толық 29 жасты құрайды.

Аталған бағдарлама бойынша конкурсқа қатыса алады:

  • Ағымдағы жылы ҰБТ тапсырған (қаңтар, наурыз, негізгі және тамыз ҰБТ сертификаттарының бірін ұсынуға болады) және ЖОО-ға түсу үшін шекті балдарды жинаған түлектер:
  • ауылдық жерлердегі, шағын және моноқалалардағы жағдайы төмен отбасылардан шыққан адамдар;
  • жетім балалар немесе кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  • мүгедектігі бар азаматтар;
  • мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
  • 2022 жылғы қайғылы қаңтар оқиғалары кезінде қаза тапқан ҚР азаматтарының балалары;
  • 2022 жылғы қайғылы қаңтар оқиғалары кезінде жараланған балалар;
  • төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен Қазақстан Республикасының қаза тапқан азаматтарының балалары.

10-17 тамыз аралығында конкурсқа қатысу үшін өтініш беруге болады.

Құжаттарды ЖОО-лардың қабылдау комиссиялары арқылы тапсыру керек.

Айта кетейік, грант иегері оқуын аяқтағаннан кейін оны өтеуге міндетті емес.

Толық ақпарат @qazaqstanhalqyna.kz қорының сайты мен әлеуметтік желілерінде жарияланған.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button