Бас тақырыпЖаңалықтар

Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясы басталды

Астана қаласындағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясының пленарлық отырысы басталды. «Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» тақырыбымен ұйымдастырылған бұл ауқымды шара елдегі этносаралық келісім мен қоғамдық бірлікті нығайтудағы маңызды кезең болып саналады, деп хабарлайды ortalyq.kz Egemen.kz сайтына сілтеме жасап.

Сурет: BAQ.KZ

Сессия жұмысына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев және ҚР Парламентінің депутаттары, еліміздің барлық өңірлерінен келген Ассамблея мүшелері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің төрағалары, сондай-ақ орталық және жергілікті атқарушы органдардың, діни бірлестіктердің басшылары, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысуда. Сонымен қатар, жиынға дипломатиялық корпус өкілдері, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым, қазақстандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері қатысып отыр.

Сессияда тәуелсіз Қазақстанның үш онжылдықтағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты, этносаралық татулықты сақтау және дамыту жолындағы жетістіктері мен тәжірибесі кеңінен талқыланып жатыр. Қазақстан халқы Ассамблеясының ел бірлігін нығайтудағы рөліне ерекше көңіл бөлінді. Ассамблеяның бастамаларымен жүзеге асырылған әлеуметтік, мәдени, білім беру және қоғамдық жобалар сессия аясында атап өтіледі.

Материалды әзірлеген: Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button