Қазақстан халқы қартайып барады
ҚР Ұлттық статистика бюросы еліміздің халқы жылдан-жылға қартайып бара жатқандығын мәлімдеді. Мамандар арнайы статистика жүргізіп, «ең жас» және «ең қарт» адамдар тұратын аймақтарды анықтады. Тексеріс нәтижелеріне сәйкес, еліміздегі қарттық индексі бір жылда 1,6 тармаққа өскен, деп хабарлайды Ortalyq.kz aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.
– 2022 жылы Қазақстанда қарттық индексі 28,2% болған. Нәтижесінде, бір жылда 1,6% тармаққа өсті (26,6 – 2021ж.). Жаңа туған сәби мен 15 жас аралығындағы әр 100 балаға 65 жастан асқан 28,2 азамат келеді деген сөз, – деп хабарлады ведомство.
Өңірлер арасында тұрғысында ең жоғары көрсеткіш – Шығыс Қазақстанда екен. Қарттық деңгейі – 56,9% құрайды. Одан кейінгі орында – Солтүстік Қазақстан облысы (56,3%). Ал, үштікті Қостанай облысы (48,9%) түйіндеп тұр.
Ал, ең жас аймаққа – Маңғыстау облысының халқы жатады екен. Ол жақта кейінгі 10 жылда бала туудың ең жоғары көрсеткіші сақталған. Мұнда әр 100 балаға 65 жастан асқан 10,8 азамат келеді. Сонымен қатар, қарттықтың төмен индексін Түркістан облысы (11,3%) мен Шымкент қаласы (11,7%) көрсетіп тұр. нда – 11,7 тіркелген. Қалалық жерлерде қартаю индексі ауылдық жерлерге қарағанда жоғары, сәйкесінше 30,7 және 24,5.
Ал, БҰҰ статистикасы бойынша, 2022 жылдың басында 65 жастан асқан әйелдердің үлесі 10,1%-ға жеткен. Он жыл бұрын ол небәрі 8,2% еді. 65 және одан жоғары жастағы ерлердің үлесі онжылдықта 4,8%-дан 6,1%-ға дейін өсті.