Спорт

Қазақстан футбол федерациясының жаңа президенті тағайындалды

Бүгін, 20 желтоқсанда, ҚФФ-ның кезектен тыс XXVII сайлау конференциясы өтті. Онда қазақстандық футболдың жаңа басшысы анықталды. Көпшіліктің дауыс беру нәтижесімен ҚФФ президенті болып 36 дауыстың 34-ін алған Марат Омаров сайланды.

Сурет: runasport.com

Марат Талғатұлы Омаров 1988 жылы туған.

2010 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша британдық Йорк университетін «философия, саясаттану, экономика» мамандығы бойынша, 2011 жылы әлеуметтік ғылымдар магистрі дәрежесі беріле отырып, Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебін (LSE) бітірді.

Мансабы:

2012-2014 жылдары — Экономикалық даму және сауда, кейіннен- Экономика және бюджеттік жоспарлау, Ұлттық экономика министрінің кеңесшісі.

2014-2016 жылдары — ҚР Ұлттық экономика министрлігінің тарифтік және институционалдық саясатты қалыптастыру департаменті директорының орынбасары.

2016-2017 жылдары — «Қазақтелеком» АҚ-ның басқарушы директоры.

2017-2019 жылдары — «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ Басқарма төрағасы, трансформациядан кейін — «QazTech Ventures» АҚ Басқарма төрағасы («Бәйтерек «ҰБХ» АҚ құрылымына кіреді).

2019 жылдан бастап 2020 жылғы қазанға дейін — «Бәйтерек «ҰБХ» АҚ басқарушы директоры — Басқарма мүшесі. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.

2020 жылғы қазаннан 2022 жылғы тамызға дейін — ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

2022 жылғы 16 тамызда ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды.

Айта кетейік, бұдан бұрын Әлия Юсупова Қазақстан гимнастика федерациясының басшысы қызметіне қайта сайланды.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button