ЖаңалықтарРесми
Қазақстан экономикасындағы ішкі өнім 6,3%-ға артты
2025 жылдың алғашқы жеті айының қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасы соңғы жылдардағы ең жоғары көрсеткішке қол жеткізді. Елдің жалпы ішкі өнімі 6,3%-ға өсіп, рекордтық деңгейге көтерілді.

Нақты сектордағы өсім 8,3%-ды құрады, ал қызмет көрсету саласы 5,2%-ға артты.
Экономиканың негізгі драйверлері:
- Көлік саласы – +22,5%
- Құрылыс – +18,5%
- Сауда – +8,6%
- Тау-кен өнеркәсібі – +8,5%
- Өңдеу секторы – +6,1%
Бұл көрсеткіштер Президент тапсырмаларының жүйелі орындалуы мен экономикалық саясаттың тиімділігін айғақтады.
Жамал АКПАРОВА