Қазақстан дзюдодан халықаралық Grand Slam турнирін өткізу құқығына ие болды
Қазақстан дзюдо федерациясы Халықаралық дзюдо федерациясымен (IJF) әлемдік Grand Slam жарысын Қазақстанда өткізу туралы төртжылдық келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды ortalyq.kz Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап.
ҚР дзюдо федерациясының хабарлауынша, Парижде өтіп жатқан Grand Slam жарысы аясында Қазақстан дзюдо федерациясы мен Халықаралық дзюдо федерациясының ресми кездесуі өтті. Кездесу барысында Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визер мен Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев екіжақты келісімшартқа қол қойды.
Екіжақты келісімшартқа сәйкес, Қазақстан әлемдік Grand Slam жарысын 2023-2026 жылдар аралығында қабылдайды. Жарыс Астана және Алматы қалаларында «Qazaqstan barysy Grand Slam» атауымен өткізіледі. Сондай-ақ жарыс аяқталғаннан кейін жыл сайын тұрақты түрде халықаралық оқу-жаттығу лагері ұйымдастырылады.
– Қазақстанда дзюдо тарихы өте тереңде және дзюдо үлкен буыннан жастарға үздіксіз жалғасып келе жатыр. Олар әрқашан IJF пен Азияға көптеген іс-шараларды өткізу арқылы қолдау көрсетті. Дзюдодан ғана емес, сонымен қатар әдемі елдегі барлық спорт мәдениеті мен құндылықтары үшін бұқаралық ақпарат құралдарында жаңа танымалдық әкелетін жаңа серіктестік үшін рахмет. Қазақстан дзюдосына жемісті болашақ тілеймін, – деді Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визер Мырза.