Қазақстан чемпионатында облыс спортшылары бес жүлде иеленді
Алматыда өткен 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы Қазақстан чемпионатында Қарағанды облысының спортшылары бес жүлде иеленді. Команданың қоржынына екі алтын, екі күміс және бір қола медаль бар. Жалпы ел біріншілігіне 500-ге жуық спортшы қатысты. Қарағанды облысының атынан 23 жас дзюдошы сынға түсті.

Жекпе-жекте бойынша Аида Тойшыбаева мен Шерхан Алтанов алтыннан алқа тақты. Дінасыл Таттымбек пен Ақжол Дүйсенбаев күміс жүлдегерлер атанса,қола медаль Диас Таңатханға бұйырды.
– Барлық белдесулер тартысты өтті. Жалпы алғанда біздің дзюдошылар жақсы нәтиже көрсетті. Ақжол Дүйсенбаев өз салмағында алтын алады деп сенгенмін, бірақ бұл жолы жолы болмады.Бұл – спорт, мұндай жағдайлар болып тұрады, – деді Қарағанды облысының жастар арасындағы дзюдо бойынша аға жаттықтырушысы Қайрат Жұмабек.
Жалпыкомандалық есепте Қарағанды облысының құрамасы екінші орынға тұрақтады.
Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ