Жаңалықтар

Қазақстан – болашағы жарқын мемлекет

Тәуелсіздіктің 28 жылы ішінде Қазақстан өзін әлеуеті мен болашағы зор, экономикасы тұрақты және табысты, саяси бағыты бар ел ретінде мәлімдеді.

Біз әлемнің басқа дамушы елдерімен бәсекелесе аламыз, үлкен қалалар тұрғызудамыз. Осыған байланысты Қазақстанды дамыту бойынша жастарға үлкен міндеттер жүктейді. Жастар – болашақ қоғамның иелері. Біз қазір мемлекетіміздің жан-жақты дамуының жаңа кезеңінде тұрмыз. Еліміздің дамуына өз үлесімізді қосу, Отанға деген сүйіспеншілік, ұлттық құндылықтарды құрметтеу – әрқайсымыздың борышымыз.

Қазақстан жастары Президент сайлауын өткізу туралы бастаманы қолдайды. Сайлау, бұл – әркім өз елі үшін маңызды қадам жасайтын сәт. Әрине, «менсіз де дауыс беретіндер жетеді!» деуге болады. Бірақ, бұл – жат адамның ұстанымы. Менің жеке белсенді ұстанымым бар. Сайлауға қатысу – әр азаматтың парызы деп ойлаймын. Алдағы жетістіктер әрқайсымызға байланысты. Біз бірлігімізді көрсетуге тиіспіз. Қазақстан халқы өзінің тарихи таңдауын жасауы керек!

Ежелгі қыпшақтар: «Сендерге байланысты болған нәрсенің бәрін істе, сонда кейін өкінбейсің!» деп бекер айтпаған болса керек-ті.

«Біз – Шахтинскденбіз» волентерлер тобы.

Басқа материалдар

Back to top button