Басты тақырыпЖаңалықтар

Қазақстан-Беларусь: интеграция игілігі

    Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Асқар МАМИН мен Беларусь Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Василий МАТЮШЕВСКИЙ Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келді.

    Сапар барысында Қазақстан-Беларусь сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі Үкіметаралық комиссиясының 13-ші отырысы өтті.

Асқар Мамин бастаған жұмыс тобы түске дейін ескі автокөліктерді өңдейтін «ResyclingCompany» ЖШС-де, «Қарағанды фар­мацеп­тикалық кешені» ЖШС-де болып, аймақ тынысымен танысты.

Түс ауа сапарға қатысу­шылар «КазБелаз» ЖШС-де және «Maker КЛМЗ» ЖШС-де болып, бұдан әрі «Достық үйінде» Қазақстан-Беларусь сауда-­экономикалық ынты­мақтас­тығы жөніндегі Үкіметаралық комиссиясының Пленарлық отырысы, осы 13-ші отырыстың Хаттамасына қол қою рәсімі, БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз мәслиxаты өтті.

Үкіметаралық комиссия отырысы барысында сауда, инвестиция, өнеркәсіптік кооперация, ауыл шаруашылығы, ғылым мен технология, көлік және логистика саласындағы екіжақты серіктестікті дамыту мәселелері талқыланды.

А.Мамин Қазақстан мен Белорусь мемлекетаралық байланыстардың барлық деңгейлеріндегі өзара қарым-қатынастың, посткеңестік кеңістіктегі ықпалдастық бірлестігінің, ең алдымен Еуразия­лық экономикалық одаққа қатысуларының табыстылығын атап өтті.

Тараптар биылғы 7 ай қорытындысы бойынша Қазақстан мен Белорусь арасындағы сауда айналымының үдемелі өсіміне көңіл толатындығын жеткізді. 2017 жылдың қаңтар-шілде айларындағы тауар айналымы өткен жылмен салыстырғанда 75,6%-ға артып, 313,7 миллион АҚШ долларын құраған.

Бұл туралы кеңейтіл­ген ақпаратты газе­ті­міздің келесі санынан оқисыздар.

Рауан ҚАБИДОЛДИН

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button