«Қазақстан Барысы – 2023» турнирінің өңірлердегі іріктеу кезеңі аяқталды
Астана күніне орай ұйымдастырылатын қазақ күресінен «Қазақстан Барысы – 2023» республикалық турнирінің өңірлердегі іріктеу кезеңі аяқталды. Енді әр өңірден ақтық кезеңге жолдама алған балуандар 2 шілде күні Астана қаласында «Барыс Арена» спорт кешенінде белдеседі.
Ақтық сайысқа әр өңірден барлығы 41 балуан жолдама алған. Әр өңір бойынша І және ІІ орын алған, күштік құрылымдар арасындағы «Әскер Барысы» турнирінін І және ІІ орын иеленген балуандар финалда кұш сынасады. Бұл турнирде Қарағанды облысының намысын «Сарыарқа барысы» турнирінің жеңімпазы Ақжігіт Оралов пен ІІ орын иегері Ақжол Дүйсенбаев қорғайды.
Сонымен қатар, Батыс Қазақстан облысы турнир ережелерін өрескел бұзғаны үшін биылғы жылғы жарысқа қатыстырылмайды.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz