Жаңалықтар

«Қазақстан Барысы»: 1,075 млрд. теңгенің жұмсалу заңдылығы тексерілуде

Биыл «Қазақстан Барысы» турнирін өткізуге бюджеттен 1,075 миллиард теңге бөлінген. Енді сол қаржының жұмсалу заңдылығын Қаржы мониторингі агенттігі тексеруде, деп хабарлайды Ortalyq.kz ведомствоның Telegram каналына сілтеме жасап.

 

ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті соталды тергеу аясында «Қазақстан барысы» қазақ күресінен турнир өткізуге бөлінген қаржының жұмсалу заңдылығын тексеріп жатыр.

– Басшылардан, мердігер өкілдерінен жауап алу, тінту және құжаттарды алуды қамтитын тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесін көздейтін басқа ақпарат жария етуге жатпайды, – делінен хабарламада.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button