Бас тақырып

Қазақстан БҰҰ миссияларына қатысуға әскер жіберетін болды

Қазақстан БҰҰ миссияларына қатысу үшін 430 адамнан аспайтын қарулы күштердің әскерін жіберетін болды. Бұл мәселеге қатысты Парламент палаталарының бірлескен отырысында шешім қабылданды, деп хабарлайды Ortalyq.kz baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Суретті түсірген: Арман Мұхатов

ҚР Парламенті БҰҰ миссияларына қатысу үшін 430 адамнан аспайтын қарулы күштердің әскери персоналын (резерв ротасы, штабтық офицерлер, әскери бақылаушылар және мамандандырылған бөлімшелер) жіберуді мақұлдады:

1) «БҰҰ-ның Голан биіктіктеріндегі бөлінуді бақылау күштері» (UNDOF, Сирия-Израиль);

2) «БҰҰ бітімгершілік шарттарының орындалуын бақылау органы» (UNTSO, Палестина-Израиль);

3) «БҰҰ-ның Оңтүстік Судан Республикасындағы миссиясы» (UNMISS, Оңтүстік Судан);

4) «БҰҰ-ның қауіпсіздік және Абье бойынша уақытша күштері» (UNISFA, Судан).

Материалды әзірлеген Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button