Бас тақырып

Қазақстан азаматтығын алуға қойылатын талаптар жаңарды

Ғылым және жоғары білім министрлігі Қазақстан азаматтығын алғысы келетін азаматтарға қойылатын талаптарға өзгерістер енгізді. Енді Қазақстан азаматтығын алуға үмітті адамдар мемлекеттік тіл (қазақ тілі), Қазақстан тарихы және Конституцияны білу деңгейі бойынша емтихан тапсырады.

Сурет qaz.ulysmedia.kz

Емтиханнан сәтті өту үшін жинау қажет ұпай саны:

  • мемлекеттік тілді бастапқы деңгейде білу – кемінде 15 балл;
  • ҚР Конституциясының негіздері – кемінде 20 балл;
  • Қазақстан тарихы – кемінде 15 балл болуы тиіс.

Бұйрық 2025 жылғы 26 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Back to top button