Бас тақырып

Қазақстанға көлік кіргізу тәртібі өзгереді

Қазақстанда 1 желтоқсаннан бастап заңды тұлғалар үшін көлік әкелуге қатысты жаңа талап күшіне енеді, деп хабарлайды Ortalyq.kz sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.

Сурет Mail.kz

Кеден одағының техникалық регламентіне сәйкес, көлік құралының типін мақұлдау туралы құжат тиісті талаптарға сәйкестігін растайды.

– Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің түсініктемесі бойынша шығарылған күнінен бастап 3 жылдан аз уақыт өткен және көлік құралының типін мақұлдау құжаты негізінде әкелінетін көлік құралдарын сол құжатта көрсетілген тұлғалар ғана әкелуге құқылы, – дейді комитет мамандары.

Көлік құралының типін мақұлдау құжатында көрсетілген адам ғана әкелінген көлікті пайдалана алады. Бұл талап 2024 жылғы 1 желтоқсаннан бастап енгізіледі.

Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button