Бас тақырыпЖаңалықтар

Қазақ киносының күндері Қарағандыдан басталды

Ұлттық киноны қолдау орталығы еліміздің түпкір-түпкірінде Қазақ киносының он күндігін өткізбек. Шара аясында көрермендерге ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің, сондай-ақ Кино орталығының қолдауымен түсірілген бірқатар фильмдер ұсынылады. Алғашқы көрсетілім Қарағандыдағы «Сарыжайлау» кинотеатрында өткізілді. Ендігі кезекте шара өзге қалалар мен ауылдық округтерде де ұйымдастырылады.

Суреттер kazakhcinema.kz

Бастаманың басты мақсаты – отандық киноның көкжиегін кеңейтіп, қазақстандық киногерлердің жетістігімен таныстыру.

Аталған іс-шара аясында көрермендер Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау орталығының қолдауымен түсірілген фильмдермен таныса алады.

Бағдарламада еліміздің мәдени ерекшеліктері мен өзекті мәселелерін арқау еткен әртүрлі жанрдағы фильмдер ұсынылады. Олардың қатарында «Жамбыл. Жаңа дәуір», «Дос-Мұқасан», «Операция Набат», «Время патриотов» және басқа да картиналар бар. Сондай-ақ, кішкентай көрермендер үшін «Тайқазан» анимациялық фильмі көрсетіледі.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button