Руханият

Қазақ киносы қоржынында – «Наза»

Түсірілім жұмыстары осыдан төрт жыл бұрын басталыпты. Авторы – ақын, жазушы, драматург, әдебиеттің жілігін шағып, майын ішкен ғалым Кенжебай Ахметов. «Наза» деп айдарлапты киносын. Сөйтіп, қазақ киносының қоржыны осындай туындымен толықты.

Жезқазғандық автордың фильмі туралы пікір ғаламтор мен әлеуметтік желі беттерінде баршылық. Себебі, жақында астанадағы Еуразия Ұлттық университетінде фильмнің тұсаукесері өтті. Онда қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері қатысып, жаңа туынды жайлы жағымды пікірлер айтты. Әдебиет пен мәдениет төңірегіндегілердің пікірі тіптен бөлек. «Фильмнің тәрбиелік мәні – жалғыз-ақ қыры, оның астарында әртүрлі құбылыстар қылаңдайды» дейді. «Наза» деген атының өзі әжептәуір дүние айтып тұрған жоқ па? Қарағандыға келгенін күтеміз, ендеше!

Оралбай ӘБДІКӘРІМОВ, мемлекет және қоғам қайраткері:

«Жақсы бір туындының куәсі болып отырмыз. Осы күнгі кинотуындылардың көбі атыс-шабыс, арзан күлкі болып кетті. Ата-бабамыздан қалған салт-дәстүрімізді жаңғыртуға, жалғастыруға деген ниетті, туған жерге, елге деген үлкен сағынышты, тамырдан айырылған адам трагедиясын көрсете білді. Өмір шындығын көрсете білді. Бастысы – тамырды сақтап қалу. Бұл фильм Кенжебайдың көркемөнерінің басы ғана деп білемін. Үлкен жолда жолы болсын дегім келеді. Шығармашылық топқа сәттілік тілеймін. Қазіргі мүмкіндіктерді пайдалана отырып, осы кинотуындыны бұқара елге жеткізсе екен. Олардың да осындай фильмдерді сағынғанына сенімдімін».

Жәнібек ӘЛИМАН.

Басқа материалдар

Back to top button