Спорт

Қазақ күресінің шеберлері 7 медаль жеңіп алды

Қызылорда қаласында қазақ тарихындағы тұңғыш кәсіпқой палуан Қажымұқан Мұңайтпасұлын еске алуға арналған 2005-2007 жылдары туған жастар арасындағы республикалық турнир өтті. 16-шы рет өтіп жатқан дәстүрлі республикалық жарысқа еліміздің әр өңірінен 11 команда және 180 спортшы қатысты.

Суреттер: облыс әкімдігінің сайтынан

 Кіл мықты палуандар бәсекесінде қарағандылық палуандарымыз 2 алтын мен 5 қола жүлдеге ие болды. Атап айтар болсақ, 60 кг салмақ дәрежесінде күрескен Арнұр Көмекпай алтын жүлдеге ие болса, сондай-ақ, 90 кг салмақта күрескен Дидар Биркенов те жеңімпаз атанды.

Сонымен қатар, қарағандылық бес палуан Раханбек Сидоги, Шыңғыс Төлеуов, Адай Мүбарак, Нұрбек Қолдасов, Ерасыл Қуаныш қола жүлдеге ие болды.

– Бұл биылғы жылдағы алғашқы жарыстар. Спортшыларымыздың нәтижесін өте жақсы деп бағалаймын. Өткен жылғы турнирмен салыстырғанда нәтиже бар. Ол кезде біз тек екі күміс медаль ғана жеңіп алған едік, – дейді облыстық қазақ күресі бойынша аға жаттықтырушысы Бекзат Ахметбеков.

Айта кетейік, қазіргі таңда қарағандылық балуандар сәуір айында өтетін Қазақстан чемпионатына дайындалуда.

Рузана ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Е.Бөкетов атындағы Қарағанды

зерттеу университетінің IV курс студенті

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button