Руханият

«Қазақ» күнтізбесіне сүйене отырып

Арқаға белгілі азамат, облыс әкімдігінің қызметкері Нұржан Сұршаұлы жасаған «Қазақ күнтізбесі» қолданысқа еніп барады. Облыстың спорт мектептері Ұлт құндылықтарын сақтау мен насихаттауға бағытталған қазақ күнтізбесіндегі даталарды айшықтауға атсалысатын болады. Жыл сайын бұл бағытта облыста 40-тан астам спорттық іс-шара өтеді деп жоспарланып отыр. Бұған өңірдегі 17 спорт мектебі жұмылдырылмақ.

Сурет облыс әкімдігінің сайтынан

Мәселен, «Қазақ» күнтізбесінде 7 сәуір – Қазақ спортшыларының күні екен. Бұл күн Алаш жұртынан шыққан тұңғыш кәсіби балуан, күрес­тің бірнеше түрінен Әлем чемпионы Қажымұқан Мұнайтпасовтың туған күніне орайластырылған. Сол күні еліміздің намысын байрақты бәсекелерде қорғап жүрген спортшылар жайлы айтылып, салауатты өмір салты насихатталады. Жарыстар дзюдо, кикбоксинг, қазақ күресі, еркін және грек-рим күресі, қол күрес, үстел теннисі, шағын футбол, жеңіл атлетика спорт түрлері бойынша өтеді. Сондай-ақ, танымал спортшылар жас буын өкілдерімен кездесіп, сұхбаттасады.

Ал, 7 тамыз – Ұлттық ойындар күніне спорт мектептерінің тәрбиеленушілері асық ату, бес асық, теңге алу, тоғызқұмалақ, аударыспақ арқан тартыс бойынша жарысатын болады.

Жарыстар Қарағанды, Балқаш, Шахтинск, Теміртау қалаларында және Нұра, Ақтоғай, Шет, Осакаровка және т. б. аудандарда тұрақты түрде ұйымдастырылып тұрады.

Жәлел ШАЛҚАР,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button